Мамыр айының 04–і күні аудан орталығындағы Достық үйінде дәстүрлі «Абай оқулары» атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Абай оқулары байқауының негізгі мақсаты қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту болып табылады. Байқауға әр мектептен көркем сөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген мектеп жас аралығындағы оқушылар қатысты. Біздің мектептен бағын сынауға Новочеркас орта мектебінен Исмагулова С.К жетектеуімен, 7 сынып оқушысы Шефер А, Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әнді ұғады» атты номинациясы бойынша жүлделі 2 - ші орынды, және Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты номинациясы бойынша жүлделі 3 - ші орынды Крифсова К иеленді.