Текст
Әр сәрсенбі сайын Новочеркас отра мектебінде мұғалімдер үшін "Білім берудің жаңа тәсілдері"атты сабақ жүргізіледі. Кезекті сабақ "Блум пирамидасы немесе түймедақ болжамы" тақырыбында өтілді. Мұғалімдер Блум таксономиясы мен "Блум түймедағы" стратегияларымен танысты.
Коучинг қатысушылары оқушыларды ынталандыру және пәндік тақырыптарға байланысты өз ойларын жеткізе білуді, танымдық белсеңділіктерін арттыру және берілген мәселелерді шешуді үйрету үшін Блум кубигімен жұмыс жасауды меңгереді. Коучинг қатысушылары "Блум Түймедағы " әдесі іс жүзінде қолданып, қай тақырыпта қолдануға болатынын анықтайды. Сабақ барысында мұғалім тек тыңдап қана емес, практикалық тапсырмаларды орындап, топта кластер бойынша жұмыс жасап,оны қорғайды.