Текст
«Қош бол бастауыш» атты ертеңгілік іс – шара өтті. Іс – шараның мақсаты Білім негізі бастауыштан қанатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу
рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Бастауыш сынып бітірген түлектер дипломмен, ал ата – аналар алғыс хатпен марапатталды. Оқушылар мектепке, ата – анаға, ұстазға арнап өз әндерін, тақпақтарын, билерін билеп қимастықпен бастауышпен қоштасты.