Мақсаты: Балалардың даярлық топта алған білімдерін тексеру, қортындылау.
Сіздер Қош бол даярлық атты тойымызға жиналып отырсыздар.Алдарыңызда тұрған балалар кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырған еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіпдаярлықты аяқтап бірінші сыныпқа қадам баспақ.
Білім жолындағы сапарларын сәтті болсын еліміздің мақтанышы болыңдар.
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз
Ән шырқап, би билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен ертенгілігімізді бастайық біз.
Нұрахмет: Мектеп- қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.
Медина: Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер, қаламым
Мен мектепке барамын
Қуанышым менің мол
Мектебіме тарттым жол
Даярлық топ қош сау бол.
Құдайберген: Бес болсын алар бағамыз
Білімнен бақыттабамыз
Өнер білім көп тоқып
Өсе берсін санамыз
Еркежан: Мектепке биыл барамын,
Қолыма кітап аламын.
Дайын тұр сауат сайманым
Дайын тұр жазар қаламым.
Ал енді балалар біз даярлық тобында алған білімдерімізді мына отырған қонақтарымызға ата аналарымызға көрсетейік.
Сыйқырлы тақта ойыны:
Сауат ашу, математика, қоршаған дүниемен танысу, экология сабақтарынан тапсырмалар беріледі.
Ән: Біз тәртіпті баламыз.
Көрініс: Бауырсақ ертегісі.
Би: Қуыршақтар биі.
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-йларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Би: вальсбиі
Ән: Біз мектепке барамыз.
Марапаттау.