Текст
Лагерде бүгін Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған іс-шара болды. Бұл іс-шарада біз балалардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін қорытындыладық. Оқушылардың мемлекеттік рәміздер жайындағы танымдық қызығушылықтарын және көзқарастарын дамыттық. Және оқушыларды рәміздерге деген құрмет және қамқорлыққа тәрбиеледік. Сонымен қатар, оқушылардың бойында өз Отанына деген патриоттық сезімдерін ояттық. Бұл іс-шараға ауылдық округтің бас маманы Хасенаева Қарлығаш Қаражанқызы қатысты.