«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

6-маусым Пушкин күні.

09.06.2017

Бүкіл әлемде 6- маусымда Халықаралық орыс тілі күнін тойлайды. Бұл күн орыс тілі үшін өте маңызды. Дәл осы 6-маусымда заманауи орыс тілінің пайда болуына көп үлес қосқан Александр Сергеевич Пушкин дүниеге келді. Сондықтан осы күнді соның құрметіне Пушкин күні деп атайды. Пушкин – сүйікті орыс жазушысы, сондықтан, неге оның туған күнін орыс тілі күні деп атағанын түсіндірудің қажеті болмайды. Өйткені Пушкин – ол біздің барымыз. Александр Сергеевичті заманауи әдеби орыс тілінің негізін қалаушы дейді. Оның әдеби мұралары өте бай, ал шығармалары барлық жастағы адамдарды біріктіреді, әлемнің оншақты тілдеріне аударылады. Шығармаларын аудару қиын болса да, жазушының оқырмандары әлемнің барлық бұрышында бар. Ақынның әдеби шығармалары бізбен өмір бойы бірге жасап келеді, өйткені біз оның ертегілерімен оқуды үйренбей жатып-ақ танысамыз, көптеген шығармаларын жатқа білеміз. Және де оның шығармаларындағы сөздерін күнделікті өмірде де қолданамыз. Пушкин күнін көптеген қалаларда бұрыннан атап өтеді. Бұл күні ұлы ақынның шығармашылығына, әдебиетке, орыс тіліне арналған көптеген әртүрлі мәдени іс-шаралар өтеді. Осыған орай біз де бүгін сүйікті ақынның өмірбаянынан ең қызықты сәттерін еске түсірдік. Мысалы, Пушкин өзінің 4 жаста не істегені есінде қалыпты. Ол бірнеше рет өзінің балалық шағында жердің қозғалғандығын және бағандардың дірілдегенін айтқан. Бізге белгілі Мәскеудегі соңғы жер сілкінісі 1803 жылы, яғни Пушкин 4 жаста болған кезде болды. Пушкин туралы күлкілі оқиға: 1818 жылы ауырғасын, Пушкиннің шашын алып тастап, ол біраз уақыт жасанды шаш киіп жүрген. Үлкен сахнада жасанды шашпен жүргенде, бір қойылым кезінде, ыстыққа шыдамай, жасанды шашын шешіп алып, желпуіш секілді желпінеді. Осындай қимылымен ол жақын отырған көрермендерді күлдіреді.

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст