Мақсаты: саламатты өмір салты әдетін қалыптастыру; алған білімін іс-тәжірибеде қолдану машығын дамыту; мектепке дейінгі балалардың қимыл дағдыларын жетілдіру.
Жабдықтары: кегльдер, 2 себет, лақтыруға арналған 2 доп, ауа шарлары, карта, бөлікке бөлінген фрагменттер, арқан («бөрене»), қазына толған сандық.
Русалочка Ариэльдің әніойнайды. Теңіз ханшайымы нөкерлерімен (сегізаяқтар, балықтар, теңізтасбақалары, бақаларжәнет. б.) бірге балалармен кездеуге шығады. Қолында ішіне хат салынған бөтелке бар.
Ханшайым. Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен теңіз ханшайымымын. Бүгін серуендеп жүріп менің нөкерлерім теңіз түбінен мынаны (ішіне хат салынған бөтелкені көрсетеді) және мынаны (сиқырлы таяқшасын көрсетеді) тауып алды. Мен бүгін үлкен құпияммен бөліу үшін сендерге келдім. Балалар, сендер сабақты жақсы оқыдыңдар, тәрбиелі әрі тату болдыңдар. Сондықтан мен сендермен құпияммен бөліспекпін. Біздің балабақшаның шекарасында қазына жасырылған. Оны табу үшін сендердің үлкен саяхатқа аттанып, барлық кедергілерден өтіп, тапсырмаларды орындап, жұмбақтарды шешуге және сендерге қазынаны іздеуге көмектесетін картаны табуға тиіссіңдер.
Ендеше менің сүйікті ойынымды ойнайық, содан кейін бәрің бірге жолға шығасыңдар!
«Теңіз толқиды бір» ойыны
Ханшайым. Жарайсыңдар, балалар! Сендер қызықты оқиғаларға дайынсыңдар ма?
Балалар. Дайынбыз!
Ханшайым. Ал қазірбіз оны тексереміз!
Дәрігер Айболит кіріп, балалармен амандасады.
Айболит. Бүгін біз қазына іздеуге шығамыз,
Көп қиындықтарды бастан өткереміз.
Қазынаны табу үшін тезірек,
Болу керек, балаларым, ептірек.
Ал жолға жиналу үшін,
Спортпен шұғылдану керек.
Жаттығуды орындау үшін
– Сапқа тұрайық тезірек.
«Солнышко лучистое любит скачать» ән-жаттығуы
(авторы М. Задорнов)
Айболит. Жарайсыңдар, балалар! Бәрің саяхатқа дайын екенсіңдер!
Балалар. Алақай!
Ханшайым. Ғажайып басталады! Қазір мен сиқырлытаяқшамды сілтеймін, сөйтіп сендердің алдарыңа Зүбар жатқаласының Сиқыршысы шығады. Ол сендерге қазынаны іздеуге көмектеседі!
Сиқыршы шығып, балалармен сәлемдеседі.
Сиқыршы.
Әрқайсысыңды сый күтуде
Тек тырысып көріңдер.
Бар кедергіден өтесіңдер,
Қазынаны табу үшін түбінде.
Егер сендер тапсырманы сәтті орындасаңдар, картаның бір бөлігі шығады.
Бірінші тапсырма.
«Жұмбақ» тапсырма
(Балаларға жаз жұмбақтарын шешуді ұсынады.)
Көбелек те, гүл де бір,
Қызыл-жасыл күллі өңір,
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.
Жидек пісіп толады
Бұл қай кезде болады? (Жаз)
Көкжиегi тұйық дөң,
Шатыр тiккен биiк кең. (Аспан)
Өзім үшін сені ұрам,
Сен үшін өзімді ұрам,
Сен үшін өзімді ұрсам
– Ағады менің қаным,
Жарылады сенің қарның. (Маса)
Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ,
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ. (Өзен)
Алауға оранып,
Көкке өрлеп шығады.
Бiр айналып оралып,
Көкжиекке бұғады. (Күн)
Дүрлiктiрiп қырқаны,
Шақпақ тастың жарқылы
Бұлт көрпесiн жыртады. (Найзағай)
Сиқыршы. Жарайсыңдар, балалар! Қараңдаршы, картаныңбіріншібөлігішықты!
Екіншітапсырма.
«Сиқырлы шарлар» тапсырмасы
Балалар 2 командаға бөлінеді, Ханшайым шекара сызығын сызады, сөйтіп командалар белгі бойынша бір-біріне ауа шарын лақтырады. 10-нан 1-ге дейінкерісанақжүргізіледі. Сиқыршы «ТОҚТА» дегендеойынтоқтатылады. Кімнің жағында аз шар қалса, сол команда жеңіскежетеді.
Сиқыршы. Міне, картаның екінші бөлігі де шықты! Жарайсыңдар, балалар!
Үшінші тапсырма.
«Музыкалық кегльдер» ойыны
Шеңбер бойынша қатысушылардың санына біреуге кем кегльдер қойылады. Музыка ойнап жатқанда қатысушылар кегльдерді айналып жүреді, мысалы, құлақтарынанұстап. Музыка тоқтай сала, қатысушылар кегль алуытиіс. Кімге кегль жетпейқалса, сол ойыннан шығады. Ойында соңғы қалған қатысушы жеңіске жетеді.
Ханшайым. Жақсы көңіл көтердім! Міне, картаның тағы бір бөлігі! Ой, балалар, алыстан не көрінеді? Анау қарақшылар кемесі емеспе?!
Қарақшылар жүгіріп шығады.
«Говорят, мы бяки-буки» қарақшылар әні
(«Бременские музыканты» мультфильмінен (музыкасы Г. Гладковтікі, сөзі Ю. Энтиндікі))
Бас қарақшы. Бір-екі, үш-төрт
Бізденартыққарақшыжоқ!
Біздің жолымызда тұрмаңдар:
Біз ашулымыз, байқаңдар!
Қараңдар! Расында да менің түйсігім алдамапты! Тағы біреулер қазынаны аңдып жүр! Қане, қазір мен сендерге көрсетейін!
Балаларға торды лақтырады, қарақшылар күледі, ал балалар тордан қашып құтылуға тырысады.
Сиқыршы. Балалар, мен сендерге көмектесе алмаймын: зұлым қарақшылар сиқырлы таяқшамды ұрлап кетті! Олар мен келісімге келуге тырысып көрейін!
– Өтінемін, біздің балаларды жіберіңдерші! Ал олар сендердің кез келген тілектеріңді орындайды!
Бас қарақшы. Жақсы, ең алдымен менің сүйікті биімді билеп берсін, сосын мен ойланып көрермін!
Балаларды босатады, сөйтіп бәрі бірге қарақшылар биін билейді.
Yo Ho қарақшылар биі
(A Pirate s Life for Me) (музыкасы Джордж Брунстікі, сөзі Ксавье Атенсионікі)
Ханшайым. Балалар барынша тырысып бақты, енді оларға кедергі келтірмеңдер!
Қарақшылар. Олай бола қоймайтынсекілді!
Сиқыршы. Менің ескі досымды көмекке шақыруға тура келеді!
Қарауыл – «Зүбаржат қаласының Сиқыршысы» ертегісінен сабаннан жасалған қорқынышты қарауыл кіреді.
Қарауыл. Уууууууххххх!
Қарақшыларды қорқытады – олар қашып кетеді.
Сәлем, қымбатты Сиқыршы! Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендерге көмегім тигеніне өте қуаныштымын!
Сендермен бірге барсам бола ма?
Балалар келіседі және соңғы тапсырманы тыңдайды.
Сиқыршы. Балалар! Кедергілер жолағынан өту керек! Біздің саяхатымыздың қызықты болатыны картада көрсетілген. Бізді соңғы сынақтар күтіп тұр. Олар сендердің төзімділіктеріңді, күштеріңді және ептіліктеріңді тексереді.
«Өрмелеп жүру» эстафетасы
Бастап қалып отыру, қолдары артында, аяқпен алға қарай жүру, бұл ретте қолдарымен жерді тіреп жүру керек.
«Бөренемен жүріп өту» эстафетасы
Балалар 2 командаға бөлінеді; музыка бойынша «бөренемен» (арқанмен) жылдам жүріп өту керек. Кім құласа, сол команда жеңіледі.
«Нысананы доппен ұр» эстафетасы
Барлық балалар осы кедергі жолағынан өтеді. Қатысушылар картаның соңғы бөлігін алады.
Сиқыршы. Жарайсыңдар, балалар, барлық тапсырманы орындадыңдар! Енді картаның барлық бөліктерін жапсырайық және Қызыл Телпектің әнінің сүйемелдеуімен қазынаға жолтартайық.
Балалар картаның бөліктерін жапсырады және сызба бойынша қазынаны табады.
Сиқыршы.
Мынау не өзі? Сандық па,
Ақыры оны таптық па.
Әрине, іші толы қазына…
Оны қазір ашсақ па?
Балалар сандықты ашып, қазынаны: жемістерді, шырынды, ойыншықтарды тауып алады. Балалар ауыз тиеді. «Барбарики» биі
Ортақ биден кейін барлығы топтарына тарайды.