Текст
2 қыркүйек күні 8 «А», 9 «А» сыныптарында Білім күніне арналған бейбітшілік сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»
Сабақтың мақсаты: Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру.
Сабақ үш бөлімнен : кіріспе,негізгі, қорытынды бөлімдерден құрылды. Кіріспе бөлімінде оқушыларға патриот деген сөзді қалай түсінесің деген сұрақ қойылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салды. Негізгі бөлімде тақырыпқа байланысты мақал –мәтелдер айтылып, ұлы адамдардың отанды сүю, қадірлеуге байланысты сөздерін оқып, оның мағыналары түсіндірілді. Сабақ соңында топтарға бөлініп, «патриот деген ол....» деген тақырыпқа постер құрды.