15 – қыркүйекте тілдер апталығы қарсаңында бастауыш сынып оқушылары «Ана тілім-дана тілім, бақ тілім! » атты іс –шара өткізді. Іс шараның мақсаты оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақстанның мемлекеттік тілі –қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпақ қажет жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. Соның бір көрінісі біздің іс – шарамыз. Іс - шара әнұранмен басталды, одан кейін бейнетаспадан оқушылар «Тілімізді қастерлейік» атты слайд тамашалады. 2 – 3 сынып оқушылары тілдер туралы өлең оқыды. 4 – сынып оқушылары «Жаным қазақ» атты ән мен көрініс көрсетті. Іс-шараның соңында оқушылар мақал-мәтелмен жарысты.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.