Қазіргі таңда білім саласында жаңартылған бағдарлама бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі «ШЖМ педагогі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» атты тақырыпта өткізілгенРеспубликалық ғылыми - практикалық конференция .
Мен осы конференцияға Ақмола облысы Астрахан ауданы атынан қатысқанымды мақтан етемін. Себебі жаңартылған бағдарлама аясында болып жатқан өзгерістерге бет бұру жолына бағыт алдым. Қазақ елінің әр өңірінен келген көптеген әріптестеріммен тәжірибе алмастым. Осы Республикалық ғылыми конференцияға өзім де ат салыса қатысып сертификат алып , грамотамен марапатталдым .
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы . Осы талапты жүзеге асыру жолдары туралы әріптестеріммен тәжірибе алмастым. Менің апарған жұмысым «Шағын жинақталған мектептің 5-6 –сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен жұмыс дәптері»атты авторлық еңбегім болды. Презентациялық алаңшада өз еңбегімді таныстырдым. Еңбегім көпшіліктің көңілінен шығып, марапаттауға ие болдым.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясындағы осындай конференция жұмыстарына белсене араласып тәжірибе алмасқанда ғана көп нәрсені үйренеміз деп ойлаймын. Өзімнің ұжымымдағы әріптестерімді де , аудан мектептеріндегі әріптестерімді де осындай республика көлемінде жүргізіліп жатқан іс шараларға қатысуға шақырамын.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Казбекова Гульжан Жаксылыковна