«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кім миллионер болғысы келеді?» интелектуалды ойын.

15.11.2017

Новочеркас ОМ шетел тілдері апталығында 8-11 сынып оқушылары арасында «Кім миллионер болғысы келеді?» миллиондаған көрермендердің сүйіп көретін ойыны өтті. Бұл тақырыптық шараға 8-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Сұрақтар өте орынды дайындалып, ойластырылған тек шетел тілінен білімдері ғана емес, олардың ойлау, жылдам шешім қабылдау, команда болып ойнау қабілеттері де осы ойында тексерілді. Заманауи технологиялар қолданылды : проектор, компьютер, экран және ойындар әуен арқылы дыбысталды, оған 11 сынып оқушысы Бойко Валентин көмектесті.

Бес команда, әр команда да 6-7 адамнан болды. Олар - «Red Foxes», «Green Crocodiles», «Yellow Pineapples», «Blue Whales», «White Wolves». Кезекпен ойнады. Командалардың арасынан ағылшын тілінің үздіктері лидерлері таңдап алынды: - Алибаева Жамиля, Бойко Валентин, Кабидуллин Аян, Мадуахасова Арина және Карпин Денис. Ойынның белгілі телешоудан айырмашылығы болмағандай. Сыбыр сөздер – «Залдың көмегі» және «Қателесуге болады». Үзілісте командалар мен ағылшын тілінде ойындар, дизайнерлік сайыстар өткізілді. Кештің бағдарламасына мынадай тақырыптар енгізілді : «English Speaking Countries»( елдердің географиялық орны, халқы, үлкен қалалары, астаналары, өндірісі, ауыл шаруашылығы, білімі, саясаты ж.т.б. ) және балалар бұл тапсырмаларды өте жақсы орындады.

Бұндай шаралар балаларға өте ұнайды, олар балалардың қызығушылығын, құштарлығын арттырады және ағылшын тілінің тәжірибе жүзінде қолданудағы пайдасын, мүмкіндігін дәлелдейді.

Бұл шараны дайындап өткізген ағылшын тілі мұғалімі Альмаханова З.Ж.

Просмотров: 842


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст