Мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сананы қалыптастыру
мақсатында « Адал Ұрпақ» еріктілер клубы ұйымдастырылды. «Адал ұрпақ» клубының басты міндеті : Өмірлік белсенді ұстанымды қалыптастыру; Заңдылыққа және тәртіпті рухқа тәрбиелеу; Тәртіптілік, құқықтық негізді білу және құрметтеу, жол көрсету. Жоспар бойынша 17 қараша күні Новочеркас орта мектебінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» ресми ойыны өтті. Бұл шараға қатысқан қонақтар : аудандық білім бөлімінің басшысы АсқаровА.А; аудандық әдістемелік бөлімінің бас маманы Ибикенова С.Г. , НR-Менеджер -Сатубалдин Д.С, ХҚО маманы -Збаравский Е.Ю, балалар ұйымының жетекшісі Верченко О.А ., Астрахан № 2, Есіл , Новочеркас орта мектептерінің « Адал ұрпақ» клубы мүшелері қатысты
Бұл шараның басты міндеті - мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын, деңгейін бағалап оқушылардың қаншалықты электронды және іс жүзінде бұл жүйені меңгере алатындығын көрсету. Бұл тақырып соңғы кездері көбірек айтылып жүр. Басқаша болуы мүмкін емес , күнделікті өмірде тағы кез келген адам бұл қызметке жүгінуі мүмкін, мысалы: ҚР төл құжатын алу, зейнетақы тағайындау шетелдік құжат, автомобильді тіркеу,жерігілікті мекен жайға тіркелу, тағы да да басқа мемлекттік қызметтер алуда. Осыған дейін біздің ата аналарымыз құжатты рәсімдеу үшін қанша уақыт кетіріп , қағаздар толтыратын. Қазір біздер өте тамаша электрондық технологияның дамыған уақытында өмір сүріп жатырмыз, сол себепті үйден шықпай интернет арқылы бәрін шешуге болатын кез келді. Ойын ХҚО қызметкерлерінің жұмыс ретінде өтті. Балалар мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкердің қандай болу керектігін көрсетті: мемлекеттік қызмет алуға келген адаммен өз жұмысын жақсы меңгерген, тәрбиелі, сыпайы қарым-қатынаста болу. Ойын соңында балалар мектеп ұжымы алдына шығып НR-менеджер Сатубалдин Д.С., ХҚО маманы Збаравский Е.Ю осы жұмыс туралы өз пікірлерін айтып , портал мемлекеттік қызмет сайтына кіруді түсіндіріп айтты. Ойынның соңғы қорытындысы «Өзің білсең –басқаны үйрет!» бұл ойынның мақсаты оқушылардың ата –аналарына 21 ғасырдағы Қазақстан Республикасында тұратын азаматтардың сайтқа тіркелу, порталды қолдану мүмкіндіктері жайлы айтып көмектесу.