Текст
МИФ апталығында қаңтардың 16 күні 5 «А» және 6 «А» сыныптар арасында « Математика және біз» математикалық сайыс өтті. Бұл сайыстың мақсаты оқушылардың математика және информатика пәндері бойынша білімдерін толықтыру және бағалау. Сыныптар екі топқа бөлінді : «Алғырлар» және «Тапқырлар». Сайыс бес турдан тұрды. Балалар белсене қатысып өз білімдерін көрсете білді.Ұпай саны жағынан «Алғырлар» тобы топ жарып жеңіске жетті. Сайыс соңында сайысқа қатысқан 9 балаға қатысқаныдары үшін шағын сыйлық «қалам», ал жеңіске жеткен топқа сурет салатын «қалың дәптер» сыйға тартылды.