9 «А» сыныбында 2-тоқсанның соңында «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» тақырыбына ата–аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ата-аналармен бірге оқушылар да қатысты. Олар 2 топқа бөлінді.
Жиналыстың мақсаты:
- тоқсан бойынша оқушылар үлгерімінің қорытындысы туралы айту;
- оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу.
1.«Миға шабуыл»— ой қозғау бөлімінде «Мамандық дегеніміз не?» деген сұраққа әр топ жауап берді. «Мамандық» сөзіне анықтама берілді.
Одан әрі мұғалімнің «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» тақырыбына баяндамасы тыңдалды.
2. Әр топ мамандық туралы берілген тұжырымдарға келісетіні-келіспейтіні туралы ой-пікірлерін айтып дәлелдеді.
3.Оқушылар келіп отырған қонақтарға, ата-аналарына, өз сауалдарын жолдады.
Сұрақтар:
1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба, әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыздар?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек?
8.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
9.Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
10.Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
11Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
12.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
4. «Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба? Бұл сұрақтар оқушыларға қойылды, олар ондай жағдайда ата-аналарымен келісіп, ортақ шешімге келетіндерін ортаға салды.
Жиналыс соңында оқушылардың пікірі тыңдалды.
— Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сендердің не істемек ойларың бар?
5. Рефлексия. «Тілектер ағашы »
Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлерін, тілектерін жазып, «тілектер ағашына » ілді.
Бүгінгі кештен алған әсерлерің....
Болашақтағы жоспарларың....
Алға қойған мақсаттарың, бір- бірлеріңе тілектерің...
Мұғалімнің қорытынды сөзімен жиналыс аяқталды.