2012 жылдың 1 желтоқсаны- қыстың бірінші күні Қазақстан халқының тұрғындары үшін мереке күні – Тұңғыш Президент күні. Сол жылдан 1 желтоқсанынан бастап біздің еліміз осы күнді жыл сайын Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні деп атап өтеді. Біздің мектеп кітапханасында ауылдық округ кітапханашысы Бондаренко О.В бірлесе отырып , 8-9 сынып оқушылары үшін « Бір басшы, бір тағдыр, бір ел» тақырыбында сыныптан тыс шара өтті. Бұл шараның мақсаты қазақстан халқының Көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті туралы білімдерін тереңдету. Шараға арналып « Кемеңгер Елбасы - ырысы елімнің» және «ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің ғылыми еңбектері» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның басында « 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» тұсаукесер көрсетілді, содан кейін 3 турдан викторина « Бәйге» тәуелсіздіктің бастапқы жылдары туралы, мемлекттік рәміздердің маңызы туралы, « Саясаткер және азамат». « сен білесің бе?» және спринт викторина « атаулы күндер». Викторина сұрақтарына « Достық» және « Патриот» екі топ болып жауап берді. Аталған шараның өту барысында оқушылар белсене қатысып өз білімдерін көрсете білді. Отан, Тәуелсіздік, Тұңғыш Президент туралы өлеңдер де оқып берді.
Елдің ыстық ықыласын сезіңіз,
Әр ауылда жетті бұған көзіміз.
«Қажет емес бізге басқа Президент, -
Дейді халық, - қалауымыз өзіңіз!»
Кітапханашы: Завадская Т.И.