Тақырып қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу
біздің мектебімізде оқу жылы бойы жалғасады. Қазір табиғатты, жер байлығын сақтау және оны молайту барысында көптеген жұмыстар атқарылауда. 2-4 сыныптар үшін күзгі демалыс кезінде « Жерді қорғаңдар» іс-шарасы өтті, бұл шарада балалар өлеңдер оқып ойнады, « Қорғаңдар жерді, қорғаңдар» тұсаукесерін көрді. Шараға
арналып « Табиғатты қорғау- демек Отанды қорғау» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл шараның мақсаты мен міндеті:
· Балаларды қоршағаны ортаны қорғау мәселелерімен ойын түрде таныстыру.
· Жер бетіндегі барлық тіршілікке сүйіспеншілікпен, ұқыптылықпен қарауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу;
· Оқушылардың қоршаған ортадағы өзгерістер,экологиялық мәселелер жайлы білімдерін тереңдету және нығайту;
· Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру, адамның табиғатқа тигізетін әсерін талқылау;
· Баланың табиғатқа деген икемділігі мен дағдысын нығайту;
· Сөйлеу дағдысы, топта жұмыс істеуді дамыту;
Бұл шарада балалар бекеттерге саяхат жасады: « Орман поштасы», «Ашық күн алаңы», « Экологиялық жағдай», балалар сұрақтарға жауап беріп, «Бұл мен, бұл мен, олар менің достарым» ойынына қатысты. Содан кейін тұсаукесер көрді. Соңында бәрі шын ықыластарымен «Бременские музыканты» әнін орындап берді:
Ничего на свете лучше нету,
Чем спасти от гибели планету.
Мы очистим лес, поляну, реку.
Будем мы беречь планету эту!
Будем же беречь нашу планету!
Кітапханашы: Завадская Т.И.