2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.
1. Жалпы ережелер
1) қызмет беруші жөнінде мәліметтер:
«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Новочеркасс ауылы, Школьный 1-ші тұйық үй.
2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2021 жылы «Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-мен 45 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 2 қызмет;
электрондық нұсқада -16 қызмет;
қағаз түрінде - 27 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мәлімдемелер бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
– «Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау».
– «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».
– «Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау».
– «Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары жөнінде мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет алушылар үшін мектептің ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау «Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ сайтында жүзеге асырылады. Мектеппен нормативтік-құқықтық актілер әзірленбеді.
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жылы «Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ – де мектептің ғаламтор-ресурсы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ Аkmola.kz. бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 2 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
«Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және 2018 жылы мемлекеттік қызметтерді 1 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
5. Мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және одан әрі тиімділігін арттыру.
2022 жылы «Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Мектеп директоры Альмаханова З.Ж