Текст
Бүгін, 10 ақпанда, бастауыш қазақ сыныптарының оқушыларымен "Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған" онкүндікке орай, А. Байтұрсынұлының "Қырық мысалымен" таныстырылым өткізілді. Бұл таныстырылымның мақсаты: адам бойындағы кемшіліктерді, жағымсыз қасиеттерді мысалдар арқылы көрсетіп, соларды жөндеуге тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін, оқушыларға алдымен А. Байтұрсынұлы туралы мағлұмат берілді. "Мысал" деген не екені түсіндірілді. Әрі қарай оқушылар "Айна мен маймыл" атты мысалды тыңдады және "Маймыл мен көзілдірік" деген мысалды сахналады. Іс-шараны қорытындылай келе, мұғалімдер оқушыларға А. Байтұрсынұлының мысалдарын қағазға шығарып, сыйға тартты.