Текст
Бүгін 2,3,4 "А" сыныптарында "Жалпыадамзаттық құндылықтар — отбасы бақыты" тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл сынып сағатының мақсаты: оқушыларға тәрбиенің негізі жалпыадамзаттық құндылықтан туындайтынын ұғындыру. Сынып сағатының барысында оқушылар қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, қарым қатынас сияқты қасиеттерді ұғыну. Сынып сағатында оқушылар "Отбасы құндылықтары" туралы бейне жазба тамашалады. "Құндылық ағашы" және "Отбасы бақыты" тақырыбына кластер жасап, жалпыадамзаттың бес құндылығы туралы өз білімдерін толықтырды.