Текст
Новосеркасс ауылының ЖОББМ”КММ-де дене шынықтыру және спорт апталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 14 қазанында қазақтың ұлттық ойыны “Асық ату” бойынша 4а,5а,5б,6а сыныптар арасында жарыс өткізілді. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату) 5б сыныбы 1 орынды иеленді, 2 орынды 6а сыныбы,жүлделі 3 орынды 5 а сыныбы иеленді.