Текст
"Новочеркасс ауылының ЖОББМ" КММ-нде дене шынықтыру және спорт апталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 13 қазанында тоғызқұмалақтан 9"А" сынып оқушылары арасында жарыс өтті. «Тоғыз құмалақ» —логика мен тапқырлыққа арналған тақтадағы үстел ойыны. Бұл ойын математикалық ойлау мен төзімділікті дамытуға арналған. Қорытындысы бойынша ұлдар арасында бірінші орынды Сабыр Аслан, екінші орынды Нығметолла Ахмет, қыздар арасында бірінші орынды Қайсар Айым, екінші орынды Садықова Қанағат иеленді.