Жолда жүру ережесін дұрыс сақтауға арналған "Қауіпсіз мектеп" атты айлық қарсаңында, 2"А" сыныбында "Жолда жүру ережесі" тақырыбында сынып сағаты болды. Бұл сынып сағатының мақсаты: оқушыларға жолда жүру ережесін есте сақтауға, жол белгілерінің неше түрі бар, оны не үшін білу қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Бұл мақсатқа жету үшін балалармен мынадай жұмыстар жүргізілді:көрсетілім арқылы алғашқы бағдаршамның қайда және қашан пайда болғаны туралы мағлұмат берілді; жол, көліктер туралы жұмбақтар жасырылды; жол белгілерінің түрлерімен таныстырылды; балалар жаяу жүргіншінің бағдаршам арқылы жолдан өтуін сахналап көрсетті. Сынып сағатын балалар есте қалған жол белгілерінің суретін салып, "Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік" деген тілекпен аяқтады.