Текст
Бүгін — кезекті жұмыс күндерінің бірі. Балалар сағат 9-да мектеп ауласына жиналды. Гүлдердің түбін қопсытып, арам шөптерден тазалады, оларды суарды.
Балалар біраз дем алып, қазақ тілі үйірмесіне жиналды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Кім көп мақал біледі?" Сабақта балалар мақал-мәтелдер айтып жарысты. Мақал-мәтелді көп білу керек екені туралы, олардың пайдасы туралы айтылды. Біріншіден, халық мақал-мәтелдері баға жетпес тәрбие құралы болса, ал екіншіден, адамның сөз байлығын дамытатыны туралы білді. Мысалы, «Сөз-тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Жақсы сөз-жарым ырыс», «Жақсы сөз- жан семіртер». Осы сияқты мақалдар айтылып, олардың мағынасы туралы айтылды.