Текст
Біздің бүгінгі күніміз, "Этикет шоқжұлдызы" тақырыбымен өтті. Күнді әдеттегідей таңғы жаттығудан бастадық. Балалармен спортзалда топтарға бөлініп, эстафета өткіздік. Кейін балалар жақсы әдет, этика туралы қызықты презентация тамашалады. Балалармен қонақта өздерін қалай ұстау керектігі, қонақ күту туралы, дастарқанды дұрыс әзірлеуді көрсетті. Кейін балалар тамақтанып алып, пластикалық бөтелкеден гүл жасап, бояды. Балаларға бүгінгі күн өте қызықты болды.