Текст
Еңбек десантының тағы бір күні басталды. Күн қатты ыстық. Балалар уақытында жиналды. Біз бұл күнді әдеттегідей таңертеңгі жаттығудан бастадық. Содан кейін гүлдерді, көшеттерді суарды, арам шөптерден тазартты. Үзілістен соң "Қазақстанның қалаларына саяхат" тақырыбында қазақ тілі үйірмесіне қатысты. Берілген әріптерден басталатын Қазақстанның ірі және шағын қала аттарын атады. Сосын ең жақсы жауап берген екі оқушы белгілі әріпке "Кім жылдам" ойынымен адам аттарын атап жарысты. Соңында "Үшіншісі артық" ойынын ойнап, көңілдерін көтерді.