Лагерьдің екінші ауысымының тағы бір күні, "Денсаулық шоқжұлдызы" тақырыбында өтті. Таңғы жаттығудан кейін балалар "Денсаулық әліппесі" тақырыбында дайындаған презентацияны тамашалады. Әңгіменің барысында, балалар адам денсаулығына пайдалы әдеттер және денсаулығына қандай зиян әдеттер әсер етуі мүмкін екендігі туралы айтты. Балалар өздері ұстануы керек гигиена ережелерін қайталады. Жоспарланған әңгімеден кейін, мұғалімдер "10 кілт" ойының өткізді. Барлық қатысушылар қарақшылардың киімін киді. Капитан Джек қатысушыларды қарақшылар тобына қабылдағаннан кейін, балалар "10кілт" ойынының тапсырмаларын орындауға асықты. Ең соңғы тапсырмада сыйлықтар салынған сандыққа жол ашты. Балалар тапсырманы орындап, өз сыйлықтарын алды. Балалардың көңіл-күйілері көтеріліп, қатты қуанды.