Текст
Ұйымдар тізімі
13.07.2021
Бүгінгі күн мектеп алаңында таңғы жаттығудан басталды. Таңғы жаттығудан соң гүлдерді суарды, арам шөптерден тазартты. Мектеп ауласын сыпырып, тазалады. Сосын балалар демалды. Демалыстан соң қазақ тілі үйірмесіне қатысты. Ойын-сабақтың тақырыбы: "Әрі оқу, әрі ойын" деп аталды. Бұл ойында балалар мұғалімнің айтқан сөздеріне ұқсас сөздерді, олардың аудармасын тапты. Осы үлгіде ойынды өздері жалғастырды. Ойын өте қызықты болды, балалар қызығушылықпен қатысты.


