Текст
Бүгінгі біздің күніміздің тақырыбы, "Достық шоқжұлдызы" деп аталды. Бұл күн, балалар өздері өткізген таза ауада жаттығулар жасаудан басталды. Кейін Наталья Николаевна мейірімділік, достық туралы презентация көрсетті. Онда балалар өлеңдер оқыды, мақал-мәтелдерді жалғастырып достық ережесін құрастырды және Лунтиктің " Қалай дос болу керек" деген қызықты мультфильмін тамашалады. Математикалық викторинада әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, жұмбақтар, ребустар шешті. Кейін балалармен Есіл өзеніне барып шомылып, ойындар ойнап көңіл көтерді. Бүгінгі күн өте қызықты өтті.