Текст
Мектеп жанындағы "Айгөлек"лагерінің екінші маусымы өз жұмысын бастады. Бүгін таңертең балаларды бірден 1,2 «Б» сынып және 3 «А» сынып жетекшілері қарсы алды. Күн сәлемдесуден және бір-бірімен танысудан басталды. Оқушылар мектеп қамқоршылық кеңесі мен мұғалімдер ұсынған жаңа үстел ойындарына қызығушылықпен қатысты. Содан кейін Матейкович Елена Владимировна балалармен ойындар өткізді.Онда балалар сөздерді айтып, жұмбақтарды шешуі керек еді. Балалар көтеріңкі көңіл күймен өзен жағасына серуенге шықты. Серуен барысында барлығы "Ыстық картоп"ойынын ойнады. Ыстық ауа-райы өзенде көп шомылуға және күнге қыздырынуға көп мүмкіндік берді. Бүгінгі күн балалар үшін тез әрі рақат күйде өтті.