Біздің мектеп оқушылары үшін жазғы спорт секциясы өз жұмысын жалғастыруда. Мұнда олар спорттық ойындар дағдыларын үйренеді және жаттығады және физикалық көрсеткіштері бойынша жұмыс жасайды. Оқушылар қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, жүгіруден секіру, доп лақтыру бойынша жаттығып келеді.Жаттығу барысында Сағнаев Әділет, Абылқасымов Айып, Журавлев Александр, Былушкина Карина, Денисенко Радмила, Балғабай Нұржан сияқты оқушылар жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Сондай-ақ, балалар баскетбол ойынының ережелерін қайталап, бекітті. Баскетбол ойыны төзімділікті, тыныс алу жүйесін, дәлдік пен көзді дамытады. Ойын ережелерін, оның элементтерін білу және дамыту маңызды.Сондықтан да жеке ниет пен жаттығу арқылы сіз өзіңіздің күшіңізді, ептілік пен шыдамдылықты дамыта аласыз. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Хохлунов А. С.