«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Баланы мектепке бірге дайындаймыз»

03.08.2026

«Новочеркасское ауылының негізгі орта мектебі» КММ жанындағы «Балақайлар мектебінде» болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Баланы мектепке бірге дайындаймыз» тақырыбында алғашқы ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу барысында ата-аналар мектепалды даярлық сабақтарының ұйымдастырылуымен, оқу бағдарламасымен және балаларды мектеп өміріне бейімдеудің ерекшеліктерімен танысты. Медведева С.Я. сабақ барысында балалардың зейіні, есте сақтау қабілеті, сөйлеу мәдениеті, ұсақ моторикасы дамытылып, мұғалімді тыңдау, нұсқаулық бойынша жұмыс істеу және ұжымда қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптастырылатынын атап өтті. Жиналыста баланың мектепке психологиялық дайындығы мен оның табысты бейімделуіндегі отбасының маңызды рөліне ерекше көңіл бөлінді. Ата-аналарға үй жағдайында баланы дайындау бойынша пайдалы кеңестер беріліп, сабаққа қатысу ережелері түсіндірілді және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықтың берік негізін қалап, болашақ бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне сәтт қадам басуына бағытталған маңызды бастама болды.

Просмотров: 550


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст