Текст
Ұйымдар тізімі
21.07.2026
16 шілде күні мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы лагерінің балалары тәрбиешілерімен бірге Астана қаласындағы «Жетісу» саябағына қызықты экскурсия жасады. Балалар «Қорқыныш үйіне» кіріп, «Жіптер қалашығында» ептіліктерін сынады, НЛО аттракционына мініп, арқан жолынан өтіп, түрлі ойын көліктерінде серуендеді. Көңілді демалыстың соңында бәрі дәмді балмұздақтан дәм татып, көтеріңкі көңіл күймен ерекше әсерге бөленді. Экскурсия балаларға жарқын эмоциялар сыйлап, жазғы демалыстың ұмытылмас күндерінің біріне айналды!


