Ұйымдар тізімі
08.07.2026
7 шілде күні, мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы лагерінде "Астана күні" мен "Экология күніне" арналған мазмұнды іс-шаралар өтті.
Күн көтеріңкі көңіл күй сыйлаған таңертеңгілік жаттығудан басталды. Оқушылар еліміздің бас қаласының тарихы мен көрікті жерлері туралы Астанаға арналған презентацияны тамашалап, қызықты мәліметтермен танысты.
«Қоқысты сұрыптау» экономикалық ойыны барысында балалар қалдықтарды дұрыс сұрыптаудың маңызын түсініп, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырды.
Іс-шараның жалғасы Есіл өзенінің жағалауында ұйымдастырылған «Табиғат-анаға көмектесейік» атты экологиялық тазалық акциясымен қорытындыланды. Оқушылар табиғатты аялау – әр азаматтың парызы екенін іс жүзінде дәлелдеп, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Туған еліміздің көркейіп, табиғатымыздың таза болуы – бәріміздің ортақ міндетіміз!


