Текст
18 маусым "Айгөлек" мектеп жанындағы сауықтыру-танымдық алаңында "Балмұздақтар күні" тақырыбында өтті. Таңды таза ауада жаттығумен бастады. Осыдан кейін балаларды қызықты "Із кесушілер" деген іс-шара күтіп тұрды. Мұнда балалар бағыт беруші тапсырмалар арқылы көмбені іздеді, сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақтар шешті, кесілген суретті жинады. Іс-шара тәтті тосынсыймен аяқталды. Күннің соңы Есіл өзені бойына серуен болды. Балаларға күн өте қатты ұнады.