Текст
Бүгін 11 маусым жазғы алаңда "Халық дәстүрлері күні" атты іс - шара өтті. Таңды "Қара жорға" әуенімен жаттығудан бастады, балалар ұлттық костюмдерде қимыл жасап, қазақ биінің ұлттық дәстүріне бой ұрды. Жаттығу аяқталғаннан кейін қазақ халқының салт - дәстүрлеріне тереңірек үңіліп, "Бесік той", "Сырға салу", "Ат қою", "Тұсау кесу" әдет - ғұрыптарын сахналады. Балалар күнді қуана өткізді және көп нәрсені үйренді.