Ұйымдар тізімі
13.01.2026
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторингтің қорытындысы бойынша Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан өңірлері арасында екінші орынды иеленді.
Өңірдің рейтингтегі жоғары орны мемлекеттік қызметтердің сапасы, қолжетімділігі және рәсімдердің ашықтығын жоғары бағалаған тұрғындардың пікірлері негізінде қалыптасты.
Қоғамдық мониторинг ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілді. Оның мақсаты – қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін анықтау, проблемалық мәселелерді айқындау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын одан әрі арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады

