Текст
2 маусымда балаларды сауықтыру-танымдық алаңында күн таза ауада көңілді, профилактикалық жаттығудан басталды. "Сәлем,жаз!" күнінің жалғасы ақыл-ой үшін жаттығулармен жалғасты. Онда балалар ойын түрінде ойлады, ойнады, ой жүгіртті. "Жолда абай бол!" тақырыбына әңгіме өткізілді. Таңғы астан кейін балалар кітапханаға барды, гуашьпен сурет салды және ойын уақытын таза ауада өткізді. Күн көңілді және жемісті өтті.