«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш мектепте ашық сабақ

22.10.2025

14 қазан күні КММ «Новочеркасское негізгі мектебі» 2 «Б» сыныбында орыс тілі пәнінен «Ызың дыбыстармен келетін тіркестердің емлесі. Достықты қадірле» тақырыбында жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, ашық саяхат-сабағы өтті. Сабақты педагог-зерттеуші Е. В. Матейкович өткізді. Сабақ барысында оқушылар орыс тілі әлеміне қызықты саяхат жасап, интерактивті тапсырмаларды орындап, ребустар шешіп, цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект құралдарымен жұмыс жасады. Бұл сабақ оқушыларға ызың дыбыстармен келетін тіркестердің жазылуы бойынша білімдерін бекітіп қана қоймай, ана тіліне деген қызығушылығын арттыруға, топпен бірлесе жұмыс істеуге және ортақ мақсатқа бірлесе жетуге үйретті. Іс-шара жылы, шығармашылық атмосферада өтіп, балаларда зор қызығушылық пен жағымды эмоциялар тудырды.

Просмотров: 103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст