Біздің мектепте 2025 жылы маусым айының 20-сында орта білім туралы аттестаттарды табыстау рәсімі өтті. Бұл ерекше маңызды және салтанатты іс-шара мектептің акт залында ұйымдастырылды. Рәсімге Новочеркасс ауылдық округінің әкімі Жанабеков Н.А. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Карпина О.Н.,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Филиппова Т.Л., ұстаздар құрамы, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер қатысты. Әкім құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың табыстары мен жетістіктерін атап өтіп, әрбір түлекке орта білім туралы аттестаттарды табыстады. Бұл кештің мақсаты — түлектерді мектеп бітіргендерімен құттықтау және олардың болашақта табысқа жетуіне тілектестік білдіру. Аттестат табыстау рәсімі жылы атмосферада өтіп, барша қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.Біздің түлектерге сәттілік,ақ жол тілейміз!!!