Текст
12 маусымда "Айгөлек" мектеп жанындағы лагерінің балаларымен "Жетісу" ойын-сауық саябағына саяхат жасадық. Жаңа саябақ түрлі ойын-сауықтармен, аттракциондармен, сұлулығымен қуантады. Мұндай сапарға балалар, мұғалімдер мен ата-аналар қатты қуанды. АББ басшысы П.Ю. Барахоеваға заманауи автобус ұсынғаны үшін және жүргізуші Виктор Ивановичке адал еңбегі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.