«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім әлеміне саяхат»

29.04.2021

    Бастауыш сыныптар апталығы  жалғасуда. Бүгін , 29 сәуір күні, 1 «А» сыныбында «Білім әлеміне саяхат» атты кіріктірілген сабақ болды. Бұл сабақтың мақсаты: оқушылардың бір жыл бойы алған білімдерін пысықтау болды. Оқушылар мақсатқа жету үшін әртүрлі қызықты тапсырмалар орындады. Атап айтар болсақ, алдымен сабақ ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастау алды. 1) сөздермен  зерттеу жұмысын жүргізу үшін «Менің есімімде не бар?» деген тапсырманы орындады. Бұл тапсырмада оқушылар өздерінің есімдерін  айтты, сосын сол есімнің алғашқы әрпінен басталатын сын есім айтты және есімдерінде қанша әріп, қанша дыбыс, қанша буын бар екенін, есімдері қандай сұраққа жауап беретінін, қандай әріптен басталып жазылатынын айтты. 2) Сөздердің қатесін тауып, түзету және дәлелдеу үшін «Біз - түзеткішпіз» деген тапсырма болды. 3) Шашылған әріптерден сөз құрап, мағынасын тауып, сөйлем құрау үшін «Сөз құраушылар» деген тапсырманы орындады. Мұнда оқушылар сөздің мағынасын анықтау үшін, анықтамалық-сөздікті қолданды.4) Сергіту сәті ретінде «Кинезиологиялық жаттығулар» жасады. Сонымен қатар оқушылар кинезиологиялық жолмен жүріп, апта күндерін, ғаламшар аттарын атады және сандарды ондықпен, екі-екіден, кері санады. 5) Математикалық тілде сөйлеу үшін «Жас математиктер» деген тапсырманы орындады. Мұнда алдымен өрнектерді оқып, компоненттерін атады, «Өрнек» деген сөзге кластер құрды және карточкамен жеке жұмыс жасады. 6) Соңғы тапсырма «Құпия хат» деп аталды. Бұл тапсырмада оқушылар барлық К әрпін сызып тастап, «Мен ақылды болдым» деген сөйлемді шығарды және осы мәлімдемемен келісіп, келіспейтіндері жайлы айтты.

         Сабақтың соңында рефлексивтік талдау жүргізілді. Сабаққа барлық оқушылар белсенді қатысты және сабақ барлығының көңілінен шықты. 

          

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст