«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қолшатыр күні»

 17 маусым күні мектеп жанындағы лагерьде «Қолшатыр күні» өтті. Дәстүрлі таңғы жаттығудан кейін «Аяқтың шаршауын қалай басуға болады?» тақырыбында денсаулық жаттығуы  өткізілді. Одан кейін балалар «Заттар тарихы: Қолшатыр» атты мультфильм көріп, қолшатырдың қашан және не үшін пайда болғаны жайында қызықты мәліметтер алды. Қолөнер сағатында қыздар «Қолшатыр» атты қолөнер бұйымын жасаумен айналысты, ал ұлдар торкөзге сурет салды. Іс-шара соңында балалар «Көңіл күйіңе қарай қолшатырды боя» атты рефлексия кезеңінен өтті. Күн табиғат аясындағы серуенмен аяқталды. Барлық балалар ерекше көңіл күймен, көтеріңкі әсермен қайтты.


Текст