Текст
Біздің ертеңгілік көңілді дене шынықтырумен басталды; Қазақтың ұлы ағартушысы, ақын, философ Абай Құнанбаевтың туғанына 179 жыл толуына орай кітапханамыздың ұйымдастыруымен танымдық іс-шара өтті. Балалар ұлы тұлғаның өмір сүрген жылдары туралы мәліметтерді тыңдап, өлеңдерін оқып, қазақ тілінде ән шырқады. Осындай тарихи сәттер ұл-қыздарда қазақтың ұлы ақынының шығармашылығына деген қызығушылық пен құрметтің қалыптасуына ықпал етеді. Балалар сабағымызды әр түрлі материалдармен дәстүрлі емес сурет салумен жалғастырды. Көңілді және белсенді ойындар физикалық дамуды, ептілікті және интеллектті ынталандырады.