Текст
Мектеп алаңындағы «Суретшілер күні» «Құм қалай қауіпті болуы мүмкін» атты денсаулық минутымен басталды. Балалар бейнежазбаны тамашалап, құммен ойнау кезіндегі және одан кейінгі гигиена ережелері туралы әңгімеледі. Содан кейін суреттегі мысалдар арқылы бояп, математикалық есептеуді қайталады. Сабақты «Жаз!Балалар!Бақыт!» атты сурет байқауымен аяқтадық. Балалардың әрқайсысы жаз мезгілін бейнелеп сурет салды. Лагерь күні өзенге саяхатпен аяқталды. Мұнда балалар суға шомылып, күнге күйіп қана қоймай, бір-бірімен ойнап, әңгімелесті.