«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тіл – Тәуелсіздік тірегі » атты челлендж

2020-2021 оқу жылы бойынша «Новочеркасс ОМ» ММ –нен

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай

«Тіл – Тәуелсіздік тірегі » атты челлендждің

өткізілуі туралы қорытынды есебі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Астрахан ауданы ББ нің ұйымдастыруымен «Тіл – Тәуелсіздік тірегі » атты челлендж өткізілді . Бұл челленджге мектеп оқушыларымен , мектебіміздің ұстаздары , мектеп қызметкерлері ат салыса қатысты. Әр қатысушының өзіндік ой – пікірінен тілге деген махаббат, жанашырлық сезіліп тұрды. Оқушыларымыз тәуелсіздікті тебірене жырлап , мақтанышпен арнау өлеңдерін жолдады. Біршама оқушыларымыз тіл туралы мақал – мәтелдерді де айтып берді.

1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тұрғынбаев Дәурен Дәулетұлы қазақ тілі туралы жүрекжарды лебізін ағылшын тілінде жеткізсе , қазақ тілі пәнінің мұғалімі Исмагулова Сара Каримжановна : «Туған тілім - анам тілі, өз тілім , - деп тебірене оқып берді . 9 «Б» сынып оқушысы Мейрманова Гүлімхан Ата Заңның болуы елдіктің белгісі екендігін толғана жырлады. Сондай- ақ: Әркім тәуелсіз еліміздің ең қасиеті құжаты - Ата Заңды құрметтеу керек ,- деп патриоттық сезіммен айтып берді.

Алдындағы әр шәкірттің санасына «Тәуелсіздіктің тұғыры биікте» екендігін және де қазақ тілі мәртебесін мақтанышпен жырлау керек екендігін санасына құйып , жетекшілік танытқан барлық ұстаздарымызға алғыс айтамыз.

Үйрен ана тіліңді

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.
Перзентісің еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

Оразақын Асқар

деген өлең жолдарын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казбекова Гүлжан Жаксылыковна мәнерлеп оқи отырып, тәуелсіз еліміздің болашағы қазақ тілінде екендігін әр тыңдаушысына жеткізе білді. Челлендждің соңғы нүктесінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зейдабдин Ләззат Қуанышбековна барша қазақ елін алдымыздағы келе жатқан

16- желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Осылайша Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңның орындалуы аясында жүргізілген «Тіл – тәуелсіздік тірегі» челленджі өз мәресіне де жетті


  

Жаңартылған күні: 14.12.2020 16:30
Құрылған күні: 14.12.2020 16:30

Текст