Текст
Бүгін, тамыздың 3 күні, мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы алаңының қашықтықтан жұмысы басталды. Әдеттегідей күн таңғы жаттығудан бастау алды. Содан кейін балалар әр ұлттың сәлемдесу үлгісімен танысты. Танысып болған соң, өздеріне ұнаған сәлемдесу түрлерін жасап көрсетті. Сонымен қатар, мектепке дайындық жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Балалар әліпбиді қайталады, сандарды жазды және сандарды ермексаздан жасады.