Текст
11 тамыз, жазғы лагерде «Қозғалмалы ойындар» деген тақырып бойынша өтті. Әдеттегідей балалар күндерін «Қағаз, тас, қайшы!» деген әуенмен жаттығудан бастады. Одан кейін бейнебаян арқылы әртүрлі қозғалмалы ойындарды тамашалап, сосын өздері ойнады. «Математикадан 105 сабақ» жұмыс дәптерімен, қосу мен азайтуға мысалдар шығарды. Әліпбиді қайталап, сөздерді буынға бөлуді үйренді.