Текст
6 тамыз, жазғы лагерде «Виртуалды саяхат» деген тақырып бойынша өтті. Таңертең балалар өз күндерін «Көңіл күй» әуенімен таңғы жаттығудан бастады. Әрі қарай еліміздің астанасы Нұрсұлтан қаласына виртуалды саяхат жасады. Мектепке дайындық та ұмыт қалған жоқ. Балалар «Математикадан 105 сабақ» атты жұмыс дәптерімен салыстыруға арналған тапсырмаларды орындады. Күннің соңында Нұрсұлтан қаласын суретке бейнелеп көрсетті.