Текст
Бүгін, 24.07 лагерьдің соңғы аптасы басталды. Күнімізді жаттығумен бастап, «Әлем бала көзімен» шағын шығармашылық шеберханасын өткіздік, одан кейін балалар информатика мен қазақ және ағылшын тілдерінің сиқырлы әлеміне кетті. «Шағын Отанымыздың ашылмаған жұмбақтары» тақырыбында туған өлкемізге саяхат жасадық.
Біздің күніміз өзенге саяхатпен аяқталды.