Текст
Бүгінгі «Био және Эко» бағдарламасы бойынша «Гүл өмірдің сәні» атты практикалық жұмыс жүргізілді. Оқушылар гүлдерге су құйып, топырақтарын қопсытты. Мектеп ауласын сыпырып, тазартты. Жазғы оқу бағдарламасы аясында мектеп кітапханасында ортаңғы топ оқырмандарымен «Жазғы айла – достармен кітап оқу» атты әдеби әңгіме өткізілді. Әңгімеде ең жақсы кеңесші және адал дос - кітап туралы болды. Бүгін балалар қазақ балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығымен танысып, «Менің атым Қожа» шығармасының тарауларын бірге оқыды. Іс-шараның мақсаты: үздік балалар әдебиетін насихаттау арқылы балалардың бос уақытын ұйымдастыру.